Жоба туралы

Бұл не жоба?

Бұл – қазақ тілінің сөздерін, терминдерін бір жерге жинайтын, емле қателерін тексеруге арналған компьютерлік программа жасаудың жобасы.

editor.kz

Ол неге керек?

1. Қазақ тіліндегі сөздіктер көбіне кітап түрінде. Ал күнделікті жазба жұмысының адамына орфографиялық қатені тексеру, сөздің мағынасын білу – тап қазір, жедел түрде қажет. Том-том сөздіктерді жекелеген адам түгілі, интернет-редакциялардың өздері сатып ала алмайды. Бірде сөздіктің өзі, көбіне – қаржы тапшы.

2. Қазіргі кездерде академиялық анықтамалар емес, білім қорлары (knowledge bases) өзекті болып отыр. Білім қорлары әлдеқашан өндірістің көптеген салаларында қолданылады. Себебі академиялық, яғни ғылыми қорытынды шығарылғанша адам сөздік бойынша, термин бойынша тез шешім қабылдауы керек. Сондайда академиялық емес білім қорлары көмектеседі. Себебі онда көпшіліктің тәжірибесі жиналады. Бір мысал.
Жапон автомобилінің жаңа моделінен ақау шықты. Жөндеуші шеберде тек екі жол бар: біреуі – өндіруші зауыттың жауабын күту; екіншісі – басқа шеберлердің тәжірибесіне сүйену. Уақыт екінші нұсқаның өміршеңдігін дәлелдеді. Себебі зауыттан ресми жауап келгенше, адам автомобилін пайдалануы керек қой.
Editor.kz компьютерлік программасы да сондай. Ол – ондаған кәсіби журналистердің, аудармашылардың күнделікті шешімдерін көруге мүмкіндік береді. Кейін, темин не басқа сөз жөнінде ғылыми қорытынды шығарылғаннан кейін, ауыстыра салу түк те емес.

Қазір танымал multitran, lingvo сөздік қорлары да осындай – тәжірибелік білім қорлары негізінде өсіп шыққан.

2. Программаны қайдан аламын? Онымен қалай жұмыс істеймін?

Қолданушылардың сын-пікірлерін білу мақсатында 26.02.2018 күні программаның Windows жүйесіне арналған Demo нұсқасы шығарылды. Онда эргономикалық(ыңғай) мәселелерден бастап, программа нелерді қамту керек деген сұрақтарға дейін жауап алу мақсат болды. Программаны көшіріп алатын сілтеме әрқашан “Жоба туралы” парақта тұратын болады.
Енді программа әр айдың 1-15 күні аралығында жарық көріп отырады.

Зор құрметпен: жоба жетекшісі Ерлан Оспан

WhatsApp chat